Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Air Astana рейстердің кешігуі туралы ескертті

15 Қараша 2025, 21:40
496
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты Airbus NEO отбасылық ұшақтарында орындалатын рейстердің кешігуі туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Airbus өндірушісі A320neo, A321neo және A321LR үлгісіндегі әуе кемелеріне көріну деңгейі 150 метрден төмен болатын қатты тоңазу тұманы жағдайында ұшуға шектеу енгізді. Мұндай ауа райы құбылыстары қыс мезгілінде Алматы халықаралық әуежайында жиі байқалады. Әуе қауіпсіздігі - әуекомпанияның басты басымдығы. Рейс мәртебесін Air Astana ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан алдын ала тексеруді сұраймыз, - делінген хабарлама.

Өзгелердің жаңалығы