Air Astana АҚШ-қа ұша алатын ұшақтар сатып алуы мүмкін

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады.

 Ақорда 23 Ақпан 2026, 15:01
23 Ақпан 2026, 15:01
276
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Наверх