Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аида Балаева: Тиматидің концертіне бойкот жариялауға шақыру – азаматтық ұстаным

20 Қараша 2025, 15:35
305
Бөлісу:
 concert-star.ru
Фото: concert-star.ru

Сенаттың кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Тиматидің концертіне бойкот жариялауға шақырған блогер әрі қоғам белсендісі Аида Жексеноваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер министрден белгілі бір әртіске бойкот жариялауға шақырудың қаншалықты орынды екенін сұрады.

Бұл – әр адамның жеке пікірі. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Қазір бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр, біздің министрліктің заңгерлері де қарап жатыр. Бірақ менің ойымша, ол өзінің азаматтық ұстанымын білдірді, ал мұнда заңға қайшы ештеңе жоқ, – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, Аида Жексенова – өз ойын ашық айтып, белсенді азаматтық ұстаным ұстанып жүрген блогер. Ол кейде билікті сынға алады, бірақ әрдайым конструктивті тұрғыда жасайды.

Мен оны бұрыннан бақылап жүрмін. Сондай-ақ оның жағдайын да ескердім, ол қазір жүкті. Сондықтан мен Ұлттық комиссияның төрайымы ретінде оны әйел ретінде қолдадым. Ал блогерді шақыру рәсімдік сипатта болды, себебі нақты мәлімдеме жасалды, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы