Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аида Балаева Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады.
Ол елордадағы №111 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
№111 сайлау учаскесі еліміздің бас қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.
Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.
Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.
Бұған дейін дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та өз таңдауын жасап үлгерді. Сондай-ақ Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та осы сайлау учаскесінде дауыс берген болатын.