Ахметжанов Антикорды тыңдамаған меморганды атады

9 Шілде 2021, 11:33
1519
Бөлісу:
Ахметжанов Антикорды тыңдамаған меморганды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жарты жылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Біз бүгінде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құзыретті орган болып есептелеміз. Бірақ біздің құрылу тарихымызға қараңыз. Агенттік құқықтық орган ретінде құрылды. Оның күштік құрылымы қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстің басымдығында болды. Біз барлық мәселені осы екі құжат арқылы ғана шештік. 2019 жылы Мемлекет басшысы бүгінгі таңдағы Агенттікті құрды. Сол мезеттен бастап бізге пәрменділік берді, - деді ол.

Марат Ахметжановтың айтуынша, Агенттіктің үш бағыты бар.

Қазір алдын алу жұмыстары тек ұсыным түрінде жұмыс істейді. Мемлекеттік органдардағы сараптама соған сәйкес жүзеге асырылады. Өзара нақты тетіктер жетпей жатады. Мемлекеттік органдар кедергілерді жойғысы келмейді. Мысалы, Кәсіпкерлік кодексте де алдын алу ұсынымынан кейін тексеру жүргізіледі. Бізде, өкінішке қарай, екінші қызмет жоқ. Конституцияға прокуратура органдарының мәртебесі бойынша өзгерістер енгізілді. Прокурорлар заң аясында тек өзінің әрекеттерін орындайтын болды. Олар құзырлы органдар үшін жұмысты олар өз қызметтерін дұрыс орындамаған кезде ғана атқаратынын айтты, - деді ол.

Ол атағандай, мемлекеттік органдар кедергілерді жойғысы келмеген кезде тетіктер жетпейді.

Былтырғы сәуірде Агенттік Энергетика министрлігіне газды реттеу мен оған өтініш беру жолдарын қайта қарауға ұсыным жасады. Себебі көп жемқорлық нормалары болды. Министрлік бұл мәселеге құлақ аспады. Қорытындысында қараша айында пара алу үстінде басқарма басшысы ұсталды. Осыдан кейін ғана министрлік нормаларды өзгертті. Сондықтан бақылауды тиімді реттеуді жүзеге асыру мақсатында Агенттікті мемлекеттік реттеудің бөлек саласы ретінде қалыптастыруды ұсынып жатырмыз, - деді Марат Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы