Жұмыс сапары аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпкерлермен кездесуге қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Мелес Сейтжанов, кәсіпкерлер палатасының басшылығы, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Агенттік тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жүйелі жұмыстармен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан негізсіз ұстауларға, тінтуге жол бермеу бөлігінде қабылданып жатқан жаңа тетіктер мен бірқатар шаралар туралы, кәсіпкерлерге әсер ететін тергеу әрекеттерінің орталық аппаратымен келісу алгоритмімен танысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бизнесті қорғау жөніндегі шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілгенін түсіндірді. Аталған құжат адал бизнес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдарды және оны ынталандыру тәсілдерін көздейді.
Сондай-ақ, өз сөзінде С.Ахметжанов заң бойынша жұмыс істейтін және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қолдайтын компаниялар үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары көзделгенін атап өтті. Оның айтуынша, «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс аясында кәсіпкерлермен кездесу және бизнесті толғандыратын нақты мәселелерді талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңдар құру туралы шешім қабылданған.
Формализм болмайды. Бұл кездесулер үнемі өткізіліп тұратын болады, яғни «Бизнес сағаты» деп аталады, - деп атап өтті спикер.
Департаментпен жыл басынан бері бизнестің жұмысына араласудың 5 фактісі анықталды.
Сондай-ақ, кездесуде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Сонымен қатар, Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, инвесторлармен кездесті. Ол Шымкент қаласының инвестициялық әлеуетін және бизнес-ортадағы әкімшілік кедергілерді жедел шешу тетіктерін талқылады.