Ахметов: ҚХА ұлтаралық келісімнің отандық моделін нығайтуға зор үлес қосуда

1 Мамыр 2021, 20:34
966
Бөлісу:
Ахметов: ҚХА ұлтаралық келісімнің отандық моделін нығайтуға зор үлес қосуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Бұл туралы қала басшысы өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұл - біздің көпұлтты еліміздің достығы мен ырыс-ынтымағының мерекесі! Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында жас мемлекет өз тұғырына бейбітшілікті сақтау міндетін қойды. Бұл тарихи шешім ел дамуының басты тірегі келісім мен татулықта екенін абыроймен айғақтады. Бүгінде бірлігі беделіне айналған Қазақстанда 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы құрған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімнің отандық моделін нығайтуға зор үлес қосуда.

Бұл мереке наным-сеніміне, ділі мен дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан, бәріміз – Қазақстан Республикасының азаматтары екенімізді және біздің бірлігімізде ел табысының тірегі мен кепілі жатқанын ұғынуға мүмкіндік береді.

Көктемнің осынау мерейлі күнінде әр отбасына амандық, құт-береке, молшылық пен игілік тілеймін! Мереке құтты болсын!

Өзгелердің жаңалығы