Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Құрылыс, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларымен, қалалардың және аудандардың әкімдерімен «Бақытты Отбасы» бағдарламасын іске асыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Біз көп балалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар тиімді шарттар арқылы жаңа тұрғын үй ала алатындары туралы бірнеше рет айттық. Бастапқы жарна ретінде 1,5 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұған қоса «Парыз» қоры 700 мың теңгеден бөледі. Бұл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған ауданы 70 ш.м. болатын пәтер құнының 22%-ы. Аймақтың жылжымайтын мүлік нарығында қолданыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі 280 мың теңгеден, ал жаңа пәтер шаршы метрінің 340 мың теңгеге дейін барады. Мұның жанында біздің ұсынып отырған жобамыз өте тиімді екені анық. Жеңілдетілген шартпен шаршы метрі 160 мың теңгеге бағаланып отыр - деді әкім өз жазбасында.
Бүгінгі таңда «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысуға 1860 өтінім түсіп, оның 250-і мақұлданды.
Сондай-ақ, бағдарламаға қатысуға және ерекше қажеттілікті талап ететін бала тәрбиелеп отырған 243 көп балалы, 249 толық емес және 7 отбасы тұрғын үй жағдайларын өздері жақсартуға дайын. Мен құрылыс басқармасына қысқа мерзімде екі пәтерлі үйлердің қосымша жобаларын әзірлеуді тапсырдым. Айта кетейін, бұл пәтерлерге біз 6-дан 10 сотыққа дейін жер мен кепілдік береміз. Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі әкімдер бағдарламаның артықшылықтарын дұрыс түсіндірмейді. Мысалы, бастапқы жарна ретінде пәтер құнының 22%-ы төленетінін, кіре салуға дайын үй болатынын, несие шарттарының ерекшелігін және үй жанында жеке жер учаскесі болатынын толық жеткізбейді. Бұл жұмысты күшейту қажет. Отбасылардың санын есептеп қана қоймай, олардың әрқайсысымен сөйлесу керек - деді Даниал Ахметов.