«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылғы 4 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігі М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтымен бірлесе отырып мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ағартушы А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және ұлттық құндылықтар
• Ахмет Байтұрсынұлы және гуманитарлық ғылымдар: өткені мен бүгіні
• Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық жазудың өзекті мәселелері
Ұйымдастырушы: «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі.
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын. Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдердегі мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі, - делінген хабарламада.
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.
Мақала 2022 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады. Баяндаманы жинақта жариялау тегін. Конференцияға қатысушыларға электрондық нұсқасы беріледі. Мақалаларды a.baitursunuly150@gmail.com поштасына жіберу қажет. Жауаптылар: Имаханбет Р.С., 87013296402, Каримхан З.Т., 87012858026, Рахметуллин Е.Е., 8 7029457362, БАҚ өкілдері үшін: 87074446606, - делінген хабарламада.