Ағзаны біртіндеп улайды: Өзбекстанда дүкен сөрелерінен улы ыдыстар табылды

Формальдегид қаупі: Шығу тегі белгісіз ыдыстарды неге сатып алуға болмайды?

Бүгiн 2026, 20:08
АВТОР
 pressa.uz Бүгiн 2026, 20:08
Бүгiн 2026, 20:08
145
Фото: pressa.uz

Өзбекстан базарларында формальдегид деңгейі қауіпті дәрежеде жоғары асүй ыдыстары анықталды. Қытайлық «Melamine Ware» брендінің өнімдері сатылымнан алынып тасталды.

Pressa.uz дерегінше, жүргізілген санитарлық тексерістердің нәтижесінде сатылымдағы өнімдердің басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтіні расталды. Ыдыстардың жекелеген үлгілеріне жасалған зертханалық талдаулар формальдегид концентрациясының рұқсат етілген шектен қауіпті деңгейде асып кеткенін көрсетті.

Сарапшылар мұндай ыдыстарды ыстық тамақ тарату және қышқыл өнімдерді сақтау үшін пайдалану, сондай-ақ бетінде көзге көрінетін зақымдары бар бұйымдарды қолдану өте қауіпті екенін ескертеді. Себебі жоғары температура улы заттардың бөлінуін тездетеді.

Медицина мамандары адам ағзасында формальдегидтің біртіндеп жиналуы асқынған аллергиялық реакцияларды тудыратынын, созылмалы улануға әкеп соқтыратынын және ішкі ағзаға әсер ететінін ескертеді.

Осыған байланысты республика тұрғындарына шығу тегі белгісіз және ресми сәйкестік сертификаттары жоқ асүй бұйымдарын сатып алудан бас тарту қатаң түрде ұсынылды.

 

Наверх