Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Қазақстанда алғашқы автоматтандырылған топырақ-агрохимиялық зертханасы Петропавл қаласында іске қосылды.
Жалпы сомасы 600 млн теңге инвестициялық жобаны Agro Lab ЖШС қазақстандық компаниясы жүзеге асырды.
Іске қосу рәсіміне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Гүлжахан Бимендина, KAZChemicals ЖШС басқарма төрағасы Нұрхан Нұрланов қатысты.
Зертханада агрохимиялық зерттеу технологиясының маңызды бөлігі болып табылатын топырақтық талдау жүргізіледі. Осындай талдаудың көмегімен мамандар фермерлерге жоғары өнімділік алу үшін өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың құрамын анықтауға көмектеседі.
Agro Lab компаниясының мамандарының айтуынша, мұндай зерттеулер Қазақстанның климаттық жағдайында топырақтың құнарлылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Топырақты талдау - бұл ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру жүйесіндегі маңызды элемент. Бұл үшін нақты егіншілік элементтері енгізіледі, оның мәні минералдық тыңайтқыштарды, олардың тиімділігін арттыру үшін егістіктің әрбір учаскесінде тұқымдардың белгілі бір түрлері мен санын қолданудан тұрады. Тыңайтқыштар мен тұқымдардың қажетті көлемін анықтау үшін топырақ талдауы қажет, – деді KAZChemicals ЖШС басқарма төрағасы Н. Нұрланов.
Фермерлердің егістік алқаптарындағы топырақтың агрохимиялық талдауын жүргізуі тыңайтқыштарға субсидия алу үшін де маңызды. Бұл үшін электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу қажет, ал бұл агрохимиялық талдаусыз мүмкін емес.
Agro Lab зертханасында шаруалар агроөнеркәсіптік кешен саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша топырақты агрохимиялық зерттеу қызметтерін ала алады. Олардың қатарында гумус, жеңіл гидролизденетін азот, жылжымалы фосфор, алмасу калий және басқа да заттар бар.
Талдау алдында зертхана мамандары егістіктен топырақ үлгілерін іріктеп алады. Одан әрі зертхананың өзінде қоректік заттардың нақты құрамы анықталады және осы талдаудың негізінде әрбір алқапқа және әрбір өсімдік түрі бойынша тыңайтқыш енгізу жөнінде нақты ұсыныстар беріледі. Оларды орындау арқылы топырақтың құнарлылығын сақтап, егістіктің өнімділігін арттырады.
Топырақ талдауының дәлдігі голландиялық Skalar компаниясының инновациялық жабдығын және заманауи топырақ жинағыштарды арқылы жүзеге асырылады. Заманауи технологияның арқасында тәулігіне 280-ге дейін талдау жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл жылына 1 млн гектардан астам алқап.
Қазірдің өзінде зертхана шаруалардан http://agrolab.kz компания сайты арқылы өтінім қабылдауға дайын.