Агроөнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылмайды – министр

16 Наурыз 2020, 19:10
1701
Бөлісу:
Агроөнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылмайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирусқа қарсы агроөнеркәсіп өнімдеріне және олардың тасымалына ешқандай шектеу қойылмайды. ЕЭАО және үшінші елдерден барлық өнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға рұқсат берілген. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде айтты.

Брифинг барысында министр ЕЭАО және үшінші елдерден барлық өнеркісіп өнімдерін тасымалдауға рұқсат берілгенін, алайда ветеринариялық бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Бүгінгі күні еліміздің шекарасында 119 бекет бар, оның 64-і Ресей шекарасында, Қырғызстанда -5, Қытайда-50, сондай-ақ Өзбекстан мен Түрікменстан шекараларында да бақылау бекеттері бар. Олардың барлығында ветеринариялық бақылау күшейтілген. Яғни елге келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде, - деді министр.

Сондай-ақ ол, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік көлемі жеткілікті екенін, оның бәрі министрлік пен әкімдіктердің қатаң бақылауында екенін жеткізді. Сондай-ақ еліміздің барлық барлық сауда орындарында ветеринариялық-санитарлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы