Агитация қағазын рұқсат етілмеген жерлерде ілген кандидаттар жазаланады

13 Наурыз 2023, 18:57
1966
Бөлісу:
Агитация қағазын рұқсат етілмеген жерлерде ілген кандидаттар жазаланады
Фото: vlast.kz

Агитация қағазын рұқсат етілмеген жерлерде, мысалы, үйге кіреберісте ілген депутаттыққа кандидаттар жазаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура қызметінің басқарма бастығы Азамат Сарғазин агитация материалдары ілінетін арнайы жерлер барын айтты.

Бүгінгі күні агитация материалдары ілінген жерлердің бұзылғаны, сынғаны туралы факті бар. 3 факті бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды, - деді ол.

Сөзінше, бүгінгі күні Прокуратура органдары жалпы 20 факті тіркеген. Олардың 11-і агитацияға рұқсат етілмеген кезеңде агитация жүргізген. 3 факті ережелерді бұзып, сауалнама жүргізген.

Агитация материалдарын рұқсатсыз жерде орналастырғандар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3 450 теңге. Сәйкесінше заңды бұзған депутаттыққа кандидаттар 69 мың теңге айыппұл төлейді.

Айта кетейік, бүгін шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы