Африкалық мигранттар Қонаевтағы құрылыстардың бірінде заңсыз еңбек еткен

23 Маусым 2023, 21:49
996
Бөлісу:
Африкалық мигранттар Қонаевтағы құрылыстардың бірінде заңсыз еңбек еткен
VIDEO
Фото: видеодан скрин

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 9 Нигерия және 2 Камерун елдерінің азаматы анықталды. Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Қазір жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы