Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Қазақстан мен Африка одағы Комиссиясы арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағының Білім, ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі комиссары, профессор Мұхаммед Белхосинмен, сондай-ақ Африка одағының Ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту, «көгілдір экономика» және тұрақты қоршаған орта жөніндегі комиссары Хосефа Леонель Корреа Сакомен кездесулер өткізді.
Тараптар біріккен Африканың жаһандық ойыншы ретіндегі өсіп келе жатқан геосаяси салмағын, континенттегі қуатты индустрияландыруды, сондай-ақ Африка мен халықаралық күн тәртібіндегі бейбітшілік, қауіпсіздік және даму мәселелерін шешуге Қазақстан мен Африка елдерінің көзқарастарының ұқсастығын атап өтті.
Елші Қазақстанның Африкадағы сенім шараларын ілгерілету, дамуға техникалық көмек саласындағы және т.б. Африка одағы (АО) Комиссиясымен бірлескен жобаларды ұйымдастыруға мүдделілігін атап өтті.
Атап айтқанда, Б. Садықов «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің білім беру, студенттермен алмасу, Африка елдерінің ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және т.б. осы секілді басым салалардағы әлеуетін арттыру курстарын ұйымдастыру саласындағы АО Комиссиясымен өзара іс-қимыл перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Білім жөніндегі Комиссар М. Белхосин елімізге қысқа мерзім ішінде көмек алушылар қатарынан көмек берушілер ортасына өтуге мүмкіндік берген Қазақстанның білім беру және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Ол бүгінде Африканың бірқатар мемлекеттері үлкен ресурстар мен байлыққа ие бола отырып, әлі де көмек алушылар қатарынан шықпай қалғанын атап өтті. Жалпы, білім беру мен біліктілікке жәрдемдесу 2063 жылға дейінгі Күн тәртібі шеңберінде Африканы дамытудың ең басым мәселелері болып табылады. Оның айтуынша, білім көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерді, қауіпсіздік проблемаларды шешуге, Африка континентін тұрақты даму бағытына шығаруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы комиссары Х.Л.К. Сако «KazAID» халықаралық даму агенттігімен ауыл шаруашылығы ғылымдары және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы техникалық ынтымақтастық перспективаларын құптады.
Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өз сарапшыларына нақты жобаларды одан әрі әзірлеу үшін АО Комиссиясы мен «KazAID» арасындағы жобалық ынтымақтастықтың техникалық талаптарын талқылау бойынша жұмыс консультацияларын өткізуді тапсыруды шешті.
Жалпы, тараптар ынтымақтастықтың барлық перспективалы бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға келісті.