АЭС құрылысы. Бірінші орында ұлттық мүддеміз тұрады – министр

18 Шілде 2024, 16:06
1031
Бөлісу:
АЭС құрылысы. Бірінші орында ұлттық мүддеміз тұрады – министр
Фото: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС-ті кім салатыны референдумнан кейін анықталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атом электр станциясы туралы айтар болсақ, референдум қорытындысын күтейік. Біздің қолымызда алдынала келісімдер немесе шешімдер жоқ. АЭС-ті талқылау толықтай ашық процесс болмақ. Соның негізінде Үкімет вендер таңдауда бірінші кезекте ұлттық мүддені ескере отырып шешім қабылдайды, - деді Сәтқалиев журналистермен өткег кездесуде.

БАҚ өкілдері министрден “Бұл жобадан Ресей тыс қала ма? Себебі көрші ел елімізде үш ЖЭС салып жатыр?” деп сұрақ қойды.

Ресей салатын үш жылу электр орталығы негізінен көмір тұтынады. Яғни, оған қажетті отынның негізгі бөлігін қазақстандық жеткізушілер береді. Экологиялық пайымдарды ескеріп, газбен де жұмыс істейтіндей етіп жобалап жатырмыз. Яғни, кез келген уақытта балама қуат көзіне жалғай аламыз. Жобада қазақстандық отын қолданылатыны нақтыланған, – деді Энергетика министрі.

Бұған дейін министр Астанада үшінші жылу электр орталығының салынатынын айтты. Оның құрылысы келесі жылы аяқталмақ.

Өзгелердің жаңалығы