Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АЭС атауын қойған қазақстандықтарды ерекше сыйлық күтіп тұр

8 Қыркүйек 2025, 16:35
653
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС атауларын қойған қазақстандықтарға қандай сыйлық берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жеңімпаздардың саны көп болуы мүмкін.

Біз жұмыс тобымен бір атауға дауыс берген адамдардың барлығы сол станция атауының қосалқы авторлары болып есептеледі деп алдын ала шешкенбіз. Ол адамдардың есімдері жарияланып, оларға сәйкес сертификат беріледі. Қазақстан азаматтарына станция атауына қатысы болуы – көңілге қуаныш сыйлайды деп ойлаймын, - деді агенттік басшысы Үкіметтің кулуарында берген сұхбатында.

БАҚ өкілдері агенттік төрағасынан: "АЭС атауын қойғандарға қандай да бір бағалы сыйлық беріле ме?" деп сұрады. Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, энергетиканың дамуына қатысты болу – басты сыйлық.

Еске салайық, бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда екінші АЭС-тің қай жерде салынатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы