Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда жоғарылады.
"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңның 7-бабына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы АЕК 2651 теңгені құрайды.
Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады - 42 мың 500.
Күнкөріс минимумының шамасы 31083 теңге көлемінде.