Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатқан сот отырысында сотталушы тараптың адвокаты Асланбек Дәулетияров бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға тиесілі бағалы заттардың түпнұсқа екеніне нақты дәлел жоқ. Ал бұл бағалы заттар құны тағылған айыпқа әсер етеді. Сондай-ақ қорғаушы қылмыстық істің материалдары, заттай айғақтар, сарапшылардың қорытындылары мен куәлардың айғақтары олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ екенін көрсететіндігін айтты. Адвокат сотқа дейінгі тергеу барысында процессуалдық заң талаптарының бұзылғаны атап өтілгенін алға тартты.
Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымын толық қолдаймын. Бірінші инстанцияның үкімі заңсыз әрі негізсіз. Ол айыптау тарапынан келтірілген өзара қайшы әрі дәлелсіз айғақтарға сүйеніп шығарылған, – деді адвокат.
Осыған байланысты қорғау тарабы апелляциялық шағымды қанағаттандырып, бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюды сұрады.
Еске салайық, Астанада Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр.