Әділет министрі тағайындалды

11 Қаңтар 2022, 17:36
1631
Бөлісу:
Әділет министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген.    

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.  Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.  

1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.  

1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 

 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.  

1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.  

2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.  

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.  

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.  

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.  

2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.  

2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.  

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.


 

 

Өзгелердің жаңалығы