Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті

22 Қазан 2022, 12:48
1041
Бөлісу:
Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті
Фото: автордан

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Қостанайда өңір тұрғындарымен кездесу өткізді деп хабарлайды BAQ. KZ-тің сол өңірдегі тілшісі.

Жиын барысында министр Қанат Сергейұлы Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтылған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 5 маусымында республикалық референдумда Конституцияға түзетулер қабылданды. Қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Конституцияға сәйкес келтіру мақсатында Әділет министрлігі 5 заң жобасын әзірледі. Олар Конституциялық заң жобасы Президент, Парламент, Үкімет, сайлау, сот жүйесі туралы конституциялық заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Аталған өзгерістерге сәйкес, Президент саяси партиялар тізімінде бола алмайды, оның жақын туыстары квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқара алмайды. Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны 15 - тен 10-ға дейін қысқарады, оның 5-і-Қазақстан халқы Ассамблеясынан. Мәжіліске 9 депутат тағайындау бойынша ҚХА квотасы алынып тасталады. Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. Бұрын оны Сенат қабылдаған. Ал Сенат Мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдауға құқылы», - деп атап өтті министр Қанат Мусин.

Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті

Сонымен қатар, енді ел Үкімететіне заң күші бар дағдарыстық жағдайларда уақытша актілерді қабылдау құзыреті беріледі. Аралас сайлау жүйесіде енгізілуде. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының, саяси партиялардың, жоғары сот кеңесінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі. Әкімдер мен олардың орынбасарлары үшін саяси партиялардың мүшесі болуға тыйым салу енгізілді. Есеп комитетін жоғары аудиторлық палатаға қайта форматтау, сондай-ақ халықтың жерге меншік құқығына байланысты мәселелерді реттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр», - деді Әділет министрі.

Бұдан басқа, Қанат Мусин министрліктің барлық 48 мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырылғанын атап өтті.

Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті

Халыққа смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдануға мүмкіндік берілді. «Egovmobile» қосымшасында 37 қызмет түрі бар. Ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған. Қостанай облысы бойынша «Е-апостиль» арқылы 140 апостиль қойылған.

Министрдің айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізілді. «Азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары мемлекеттік корпорацияға .2023 жылы бірінші шілдеден бастап берілді. Азаматтық хал актісін тіркеу кезінде электрондық куәліктерді беру, сондай-ақ некені тіркеу мерзімі күнтізбелік 1 айдың орнына 15 күнге дейін қысқартылып отыр. 

«Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2021 жылдан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылды. Электрондық техникалық паспортты және сәйкестендіру мен техникалық мәліметтердің сәйкессіздігін анықтау туралы құжаттарды беру іске қосылды. Қостанай облысы бойынша 1582 электрондық паспорт берілді», - деді ҚР әділет министрі Қанат Мусин.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде экстерриториалдылық енгізілді. Мысалы, енді басқа қалада орналасқан нотариус арқылы жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауға болады.  
Egov-та тіркеу құжаттарының көшірмелерін беру және жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың төлнұсқасын беру және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметі іске асырылды.

Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті

2022 жылдың ақпан айынан бастап жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдау бойынша Отбасы Банкінің цифрлық платформасы іске асырылды және жалдау шартын электрондық тіркеу процесі іске қосылды.
Қанат Мусиннің айтуынша, екінші деңгейдегі банктердің платформалары арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында қызметтер алу мүмкіндігі пысықталуда. Жақын арада мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу, Екінші деңгейдегі банктер платформаларында (Альфа Банк және Форте Банк) заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Әділет министрі Қостанай тұрғындарымен жүздесті

Сондай-ақ, Әділет министрі «Нотариат туралы» заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Енді борыштарды өндіріп алу жөніндегі атқарушы жазуды, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің тұрғылықты жері, тіркелуі бойынша өз қызметін жүзеге асыратын нотариус қана жасай алады.

2021 жылдың сәуірінен бастап пилоттық жобаның екінші кезеңі басталды, оған сәйкес барлық өңірлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен адвокаттарды тағайындаудың, сондай-ақ «Е-заңгері» АЖ арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МЖӘБ) есептеу мен төлеудің автоматтандырылған процесіне көшті.

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар жылу беру кезеңінде тұрғын үйден шығарылмайды.

Өзгелердің жаңалығы