Әділет министрі халыққа маңызды реформаны түсіндірді

25 Тамыз 2022, 12:37
1055
Бөлісу:
Әділет министрі халыққа маңызды реформаны түсіндірді

Әділет министрі Қанат Мусин Ұлттық зияткерлік меншік институты базасында халықпен кездесу өткізіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қанат Мусин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтқан реформалар пакетінің маңыздылығын жеткізді.

Біріншіден, Президент, Парламент, Үкімет, сайлау, сот жүйесі туралы конституциялық заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін Конституциялық заң жобасы. Осы өзгерістерге сәйкес Президент саяси партиялардың мүшесі бола алмайды, оның жақын туыстары квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басшылық қызметтерге орныға алмайды. Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны 15-тен 10-ға дейін қысқаруда, оның 5-і Қазақстан халқы ассамблеясынан. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат тағайындау бойынша квотасы алынып тасталады. Мәжіліске заңды қабылдау құқығы беріледі (бұрын Сенат қабылдаған), ал Сенат Мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдауға құқылы,- деді министр.

Министр дағдарыс жағдайында Үкіметке заң күші бар уақытша актілерді қабылдауға құзырет берілетінін айта өтті.

Аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Мәжіліске депутаттардың 70 % партиялық тізімдер бойынша, 30 % бір мандатты округтер бойынша сайланатын болады. Өңірлердің мәслихаттарына – 50% тізімдер бойынша, 50% - бір мандатты округтер бойынша, ал аудандық мәслихаттарға – 100% бір мандатты округтер бойынша. Партиялар мен депутаттыққа кандидаттардың әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізуге, сайлауға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан байқаушыларды жіберуге құқығы енгізіледі. Сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастыру тәртібі мен басқалары айқындалады, - деді Қанат Мусин. 

Өзгелердің жаңалығы