Абай облысының 34 жастағы тұрғыны босану барысында жан тапсырған. Марқұмның жолдасы қайғылы жағдай дәрігерлердің салғырттығынан деп отыр. Қазір медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырғандығын айтқан ол кінәлілердің жаза таратқанын қалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні орын алған. Үш баланың анасы Гүлнәр Қайратқызы 27 қаңтарда өз аяғымен перзентханаға барған. Жолдасының айтуынша, денсаулығына ешқандай шағым болмаған. Алайда келесі күні таңнан бері әйеліне хабарласа алмапты. Кешкі 9 шамасында аурухана қызметкерлері көршісі арқылы ауруханаға келуі керектігін хабарлаған. Бір-біріне сілтеген аурухана дәрігерлері жары мен сәбиінің көз жұмғанын айтқан.
Әйеліме антибиотик салған және тағы бір екпе салған. Ал дәрігерлер салған жоқпыз деп отыр. Сот медициналық сараптама нәтижесі 28 ақпанда дайын болады. Қазір барлығымыз соны күтудеміз. Е-өтініш арқылы да министрлікке арыздандым. Арыз қаралуда деп тұр, - деген Ұлан Балапанов әйелі мен сәбиінің өліміне кінәлілер жазаға тартылуы керек деді.
Марқұмның жолдасы жұмыстан шеттетілгендердің қайта жұмысын жалғастырып отырғандағын айтуда.
Сот медициналық сараптамасының қорытындысы жоқ болғаннан кейін диагнозды түсіндіре алмаймыз. Нақты диагноз туралы медициналық тексеруден кейін толықтай түсіндіреміз. Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға байланысты Үржар аудандық ауруханасына мониторингтік топ жіберді. Қызметтік тексеру жүргізілді. Аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатаң сөгіс берілді, - деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлімі басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.
Қызметтен шеттелсе де жұмысын жалғастырып отыр.
Фариза Талғатбек