Әділдік бар жерде заң сақталады – Президент

16 Қараша 2022, 11:11
651
Бөлісу:
Әділдік бар жерде заң сақталады – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Біздің ұлттық ерекшелігіміздің басты символдары – көк байрағымыз, төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз. Өзге елдер Қазақстан азаматын, ең алдымен, осы құндылықтар арқылы танып біледі. Берекелі қоғам және мықты мемлекет құрудың тағы бір маңызды шарты бұл – әлеуметтік әділдік. Онсыз ешбір сала дамымайды. Әділетсіз шығарылған шешім қоғамға іріткі салып, жұрттың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Біз ішкі және сыртқы саясатта, жалпы, барлық салада осы ұстанымды сақтаймыз. Өйткені, бұл – тұрақтылықтың, татулық пен тыныштықтың басты кепілі. Әділдік бар жерде заң сақталады, тәртіп бұзылмайды. Біз осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, жаңа қоғам құрамыз. Осы орайда, ел ағаларының жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруі аса маңызды. Басты құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа байыппен түсіндіріп, санасына сіңіру – бәрімізге ортақ парыз. Осында отырған азаматтар, сіздер де осы жұмысқа мол үлес қосасыздар деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы