Әділбек Қаба оқыту орталықтарының қызметкерлері назардан тыс қалғанын айтты

10 Ақпан 2021, 16:16
3416
Бөлісу:
Әділбек Қаба оқыту орталықтарының қызметкерлері назардан тыс қалғанын айтты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты. 


Жұмыстардың тиімді әрі жүйелі жүргізілуінің негізгі индикаторы - білікті оқытушы. Алайда мәртебесі анықталмаған орталықтарда мамандарды тұрақты ұстап тұру, бәсекелестік ортада материалдық және басқа да мәселелер бағытында шешілуі керек жайттар бар. 2020 жылдан бастап еліміздің педагог мамандарын жыл сайынғы лауазымдық жалақысын 25 пайызға, мәдениет қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға көтеру бойынша берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері мүлдем назардан тыс қалып отыр, - деді Әділбек Қаба. 
каба2.jpg


Оның айтуынша, бұл орталықтарда небәрі 454 оқытушы ғана жұмыс істейтінін айтты. 


Оқыту орталықтарындағы оқытушылардың жалақысы орташа есеппен алғанда Алматы облысында 41 мың теңге ғана. Қарағандыда 64 мың, Түркістан облысында 65 мың, Қостанай облысында 68 болса, Шымкентте 70 мыңды құрайды. 40 мыңға оқытушыларды ұстап тұру өте қиын. Бұл жерде оқытушы енді үйрене бастаған кезде ЖОО немесе мектептерде жұмыс табыла қалса, ауысып кетеді. Біздің жасап жатқан жұмысымыз орта жолда қалады. Оқытушылардың жағдайы өте қиын. Аталған оқыту орталықтары жергілікті жерлердегі әкімдікке қарайтын құрылым болғандықтан, оқыту орталықтарындағы оқытушылардың санаты ескерілмей, жалақылары көтерілмей отыр, - деді ол. 
каба4.jpg

Қаба айтқандай, латын әліпбиін оқытар кезде оқытушылар таппай қиналуымыз мүмкін екенін атап өтті. 

каба5.jpg


Бүгінгі орталықтардың негізгі мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметін толыққанды қамтамасыз ете отырып, латын графикасы негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға бағытталған тіл саясатын жүргізу, - деді ол.

каба3.jpg

Өзгелердің жаңалығы