Әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстарға арналған байқау басталды

2 Қыркүйек 2023, 00:40
1049
Бөлісу:
Әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстарға арналған байқау басталды
Фото: gov.kz

Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстарды анықтау үшін сыйлыққа өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚДМ мәліметінше, сыйлықтың мақсаты – жазушылар мен журналистердің қоғам мен мемлекет алдындағы сіңірген еңбегін, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан ерекше құнды үлесін тану.

Сыйлыққа автор (авторлар) немесе авторлар ұжымы, шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төмендегі номинациялар бойынша:

- «Интернет жоба»;
- «Телеарналардағы жоба»;
- «Баспа БАҚ-тағы мақала»;
- «Радио жоба».

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі төмендегі номинациялар бойынша құжаттарды қабылдайды:

- «Проза»;
- «Поэзия»;
- «Драматургия»;
- «Балалар әдебиеті».

Жұмыстарды әдебиет және журналистика саласының еңбек сіңірген қайраткерлері мен сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады.

Сыйлық қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыс сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом және ақшалай сыйақы табыс етіледі.

Толық ақпаратты qogam.gov.kz сайтынан оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы