"Әдебиет" порталы "Менің кітапханам" атты челлендж бастады

3 Сәуір 2025, 15:21
367
Бөлісу:
"Әдебиет" порталы "Менің кітапханам" атты челлендж бастады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

"Qazcontent" АҚ құрамындағы "Әдебиет" порталы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында "Менің кітапханам" атты жаңа жоба бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті оқырман! "Әдебиет" порталы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында "Менің кітапханам" атты жаңа жоба бастады. Бұл акцияға еліміздегі кез келген оқырман қатыса алады, - деп жазылған порталдың Instagram-дағы парақшасында.

Басты талап: кітап оқудың маңызы туралы айта келе, өзіңіз оқыған соңғы шығарма жайлы қысқаша тоқталып өту. Көркем шығармаға қатысты шектеу жоқ, ол әлемдік немесе ұлттық әдебиеттің олжасына айналған кесек туынды болуы мүмкін.

Акцияның мақсаты: оқырманға ой салып, қоғамда кітап оқу мәдениетін қайта жандандыру.

Егер, "Менің кітапханам" атты акцияға атсалысам десеңіз, видео-рилсты әлеуметтік желіге жүктегенде @adebiportalkz аккаунтын белгілеңіз. Сондай-ақ видеоңызды сүйемелдейтін мәтінге #МеніңКітапханам деген хэштег қоюды ұмытпаңыз. Кітап оқу мәдениетін бірге жандандырайық! - деп түйінделген жарияланған челлендж мәтіні.

Өзгелердің жаңалығы