Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы тұрғынның мәйіті табылды.
Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
3 желтоқсанында Қарағанды көшелерінің біріндегі металл контейнерден 1 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу барысында 36 жастағы күдікті ұсталып, қазіргі уақытта мойындау көрсетпе белгілерін беріп,тергеу амалдары жалғасуда.