Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ - министр

29 Наурыз 2020, 17:30
4034
Бөлісу:
Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев COVID-19 вирусы 1965 жылдан бар деп жалған ақпарат таратқандар туралы айтты.

Бізге бір сұрақ келіп жатыр. Ол COVID-19 вирусына қатысты. Бұл ауру 1965 жылы анықталған. Сондықтан ол вирустың жаңа түрі емес.Адамдардың 70 пайызы бұған қарсы тұра алады деген ақпарат тарауда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын.Коронавирус - ол вирус тұқымдасыОған 40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу шығыс респираторлық синдром – ол да коронавирустың бір түрі. Шынында, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ ол COVID-19 емес. Сондықтан қазір коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек, - Дәурен Абаев Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 267 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы