ТЖМ Алматы қаласындағы өрт туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 тамызда сағат 17:10-да. Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша Алатау ауданына, Ақкент, 54. ш /а жіберілді.
18:46 сағ.өрт оқшауланды және сөндірілді. Анықталғандай 1 және 16 қабаттағы электр кабельдері жанған.
Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоларда адамдар терезеден секіріп жатыр. Оларды төменде адамдар кілем жайып қағып алып жатыр.
Қазіргі ақпаратқа сәйкес құтқарушылар арнайы баспалдақ маршы арқылы 250 жуық адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 3 тізе сатысы мен 3 автожарыс арқылы 40 адам құтқарылды.
Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 50 адамы және 14 техника жұмылдырылды, оның ішінде 3 автосаты бар.