Адамдар құқығын талап еткенімен, жауапкершілік арқалағысы келмейді - заңгер

12 Қазан 2022, 15:37
803
Бөлісу:
Адамдар құқығын талап еткенімен, жауапкершілік арқалағысы келмейді - заңгер
PHOTO

Бұл туралы «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, Тұтынушылар лигасының басшысы елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.   

Шеберлік сағаты ретінде өткізілген дәрісте басқарма төрағасы жеке тәжірибесінен мысалдар келтіріп, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы басты міндеттерді атады. 

Адамдар құқығын талап еткенімен, жауапкершілік арқалағысы келмейді - заңгер

Еліміздің әрбір азаматы бетпе-келетін мәселелерден мысал келтірсем. Мәселен, көппәтерлі үйлердің тұрғындары жауабын табуға тырысып жүрген сұрақтың бірі – тұрғын үйді басқару құқығын ПИК-тен МИБ-ке, яғни тұрғын үй иелеріне ұсыну. Өз үйін басқаруды қолға алғысы келген тұрғындардың әрекеттері оң нәтиже көрсете қоймайды. Тұрғындар арасында дау-дамай туындауы мүмкін. Бұл дегеніміз – үйдің әрбір тұрғыны тізгінді қолына алып, электр қуаты, жылыту, үйді сумен қамтамасыз ету сынды жауапкершілікті арқалауға дайын емес, - деп атап өтті Романовская. 

Дегенмен, соңғы уақытта адамдар тұтынушылар құқығы туралы ақпарат алып, өз құқықтарын сақтауды талап ете бастаған. 

Азаматтарымыздың өз ұстанымдарын белсенді жариялай бастағаны қуантарлық нәрсе. Елдегі әр адам – тұтынушы. Ұлттық тұтынушылар лигасы тұтынушыларға білім беру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тұрғысында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында білім беру академиясы жобасын қолға алды. Еліміздің он өңіріне жоспарланған шеберлік сағатының алғашқы дәрісі Қарағанды қаласында өтті, - деді лига басшысы.

Өзгелердің жаңалығы