Адам саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды

6 Желтоқсан 2021, 11:56
1058
Бөлісу:
Адам саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Бүгінгі таңда адам саудасы көп жағдайда сексуалдық, еңбек күші ретінде пайдалану, қайыршылықпен айналысу және балаларды асырап алуға қатысты жасалады. Жыл басынан бері 141 қылмыстық іс қозғалды. Соңғы жылдары полиция қызметкерлері Қазақстаннан шетелге шығарылған адамдарды анықтады. Олар Бахрейн королдігіне, Түркия және Оңтүстік Кореяға шығарылған, - деді Нұрмағамбетов.

Ол атағандай, биыл трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды.

Олар адамдарды арбап, адам саудасымен айналысқан. Кәмелетке толмаған тұлғаларды да сексуалдық мақсатта Бахрейн республикасына шығарған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы