Алматы облысында 24 жастағы аяғы ауыр әйел сәбиін дүниеге әкелмей жатып, әлеуметтік желіде саудаға шығарған. Жас ана қазан айында сәбиін әлгі жұпқа табыстаған. BAQ.KZ бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыс жөніндегі департамент бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің мәлімдемесіне сәйксе хабарлайды.
Жас ана баласы жоқ ерлі-зайыптыны тауып алған ол, босанған соң перзентін соларға сататын болып келіскен. Жедел іс-шара кезінде әйел тұтқындалып, «кәмелеттік жасқа толамағандардың саудасы» бойынша тергеуге алынды.
Дәл сондай жағдай Шымкентте де тіркелген. Мұнда 23 жастағы әйел бүлдіршінін басқа облыстың тұрғынына сатпақ болған. Қазір осы қылмысы үшін тергеуге алынды. Сәби бөбектер үйіне тапсырылды.
Жалпы, «Стоп трафик» республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде адам саудасына қатысты 39 қылмыс тіркелген. Оның ішінде, адам ағзасын саудалауға қатысты бір дерек, құлдыққа салудың 3 фактісі және адам саудасының 7 дерегі бар. Оның ішінде бесеуі кәмелеттік жасқа толмағандардың саудасына қатысты.