Адам өлімін болдырмау үшін қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс - Ноғаев

3 Тамыз 2023, 18:37
702
Бөлісу:
Адам өлімін болдырмау үшін қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс - Ноғаев
Фото: gov.kz

2023 жылдың басынан бері Жаңаөзендегі кәсіпорындарда үш жазатайым оқиға болып, салдарынан бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шілде айында болған оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізілуде. Облыста бірінші жартыжылдықта 15 жазатайым оқиғаның құрбаны болған. Бұл қайғылы оқиғалардың барлығы жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамаумен байланысты.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзенге жұмыс сапарымен болып, бірқатар кәсіпорындарды аралады. Сондай-ақ, мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Облыс әкімі кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жоғары басымдықтардың біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Әрбір қызметкер ықтимал тәуекелдердің алдын алуға дайын болуы үшін қауіпсіздік бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуі керектігін атап өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, статистикаға сәйкес, 2023 жылдың алты айында Маңғыстау облысының кәсіпорындарында 19 қызметкер зардап шеккен, оның 13 - і ауыр жарақат алып, алты адам қаза тапқан. Бұл жұмыс орындарындағы бақылау мен қырағылықтык әрдайым қажет деңгейде болу керек екенін көрсетеді.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кәріз және су тазарту кәсіпорындарына, сондай-ақ айына 350 сорғы қондырғысын күрделі жөндеумен және жаңғыртумен, жылына жүзден астам мұнай бұрғылау станоктарын дайындаумен айналысатын «Test Com» ЖШС-ға барды. Қазіргі уақытта компания 160-тан астам жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Өңір басшысы кәсіпорындарда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауда кездейсоқтыққа орын жоқ, себебі бұл өмір қауіпсіздігінің кепілі және кәсіпорынды дамыту жолындағы табыстың кілті. Мекемедегі әрбір қауіпсіздік жөніндегі маман әрқашан ықтимал қауіптердің алдын-алу және оларды ескертуі маңызды. Қызметкерлердің кәсібилігі жоғары, тәжірибесі мол екені анық, алайда кәсіпорындарда адам шығынын болдырмау үшін қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев «Өзенинвест» кәсіпорнына барып, қуаттылығы тәулігіне 10 750 м3 кәріз қалдықтарын тазарту зауытының және қуаттылығы тәулігіне 32 мың м3 су тазарту мекемесінің жұмысымен танысты. Жаз мезгілінде Жаңаөзенде су тапшылығы байқалады, өйткені тұрғындардың күнделікті су тұтыну деңгейі мамыр айынан қыркүйекке дейін 40 мың м3 өседі. Сол себепті қазіргі уақытта кәсіпорын белгіленген кесте бойынша су беруді жүзеге асырады. Бұл мәселені шешу үшін қуаттылығы 50 мың м3 болатын «Кендірлі» тұшыту зауытының құрылысы көзделген. Жоба «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржыландыруымен жүзеге асатын болады.

Өзгелердің жаңалығы