«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері жұмысшылармен кездесті

1 Қараша 2022, 21:35
1134
Бөлісу:
«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері жұмысшылармен кездесті

Ақтөбе қаласында «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері «Рамазан» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Шараға «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов«Адал сайлау үшін» штабының мүшесі, Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының атқарушы директоры Ләззат Алыпкелова, Ақтөбе облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бекзат Ахмедиева қатысып, серіктестік жұмысшыларына  азаматтардың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқықтары, сайлау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының үгіт жүргізу ережелері жайлы айтып берді.

«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері жұмысшылармен кездесті

Өздеріңізге мәлім, биыл қыркүйек айында еліміздегі тәжірибелі, жан-жақты заңгерлер жиналып, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қо­ғамдық бірлестігінің базасында «Адал сайлау үшін» атты штаб құрдық. Ондағы мақсатымыз – Президент сайлауы кезінде халыққа конституциялық реформа ережелерін түсіндіру, тұрғындарға құқықтың кеңес беру. Міне, бүгін осы мақсатта Ақтөбе өңіріне арнайы келіп отырмыз. Біздің штаб мүшелері осыған дейін еліміздің көптеген өңіріне барып, халықпен кездесті. Соның арқасында қазақстандықтар белсенді түрде сайлауға қатысуға ниет білдіруде. Бұл — қуанарлық жағдай. Біз кездесулерде қандай да бір кандидатқа дауыс бер деп халықты үгіттемейміз. Соңғы деректерге сүйенсек, қазір алты үміткер сайлауға түсіп отыр. Бұған дейін олардың саны көп болатын. Тіпті сол азаматтадың қатарында сайлау туралы заңнаманы толық бішмейтіндері де болғаны рас. Егер олар заңды түсінбесе, онда қарапайым халықтан не сұраймыз? Халыққа сайлау жөніндегі заңды түсіндіруіміз керек. Біздің мақсат — осы, — деді штаб мүшесі Әбдікәрім Ақжанов.

Басқосуда штаб мүшелері жұмысшылардың сайлауға деген пікір-ұсыныстарын сұрады. Сауалдарына жауап берді. 

Басқасы былай тұрсын, Президент сайлауына барлық облыс тұрғындары қатысуы керек. Себебі бұл сайлау ел болашағы үшін өте маңызды. Әр азамат Әділетті Қазақстан құруға атсалысуы керек. Мен өз дауысымды кімге беретінімді шешіп қойдым. Әдеттегідей 20 қарашада өз учаскеме барып, таңдауымды жасаймын. Бұл менің азаматтық әрі перзенттік борышым ғой, — дейді серіктестік жұмысшысы Алиев.

Өзгелердің жаңалығы