Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін партия өкілі Әнуар Керембаев Adalpartiyasy.kz сайтының қызметтік мүмкіндігін таныстыруға арналған брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, сайт тек ақпарат берумен шектелмейді. Еліміздің кез келген елді мекенінің тұрғыны сайтқа жеке басының мәселесімен қатар, қоғамда, тұрып жатқан аймағындағы өзекті дүниелер туралы партия өкілдерін хабардар ете алады. Сондай-ақ, жұмыссыз ретінде тіркелу, кәсіп ашу үшін идеялар алу сынды сервиске қол жеткізе алады. Партияның жергілікті өкілдері осы мәселелерді шешу үшін жұмыс істейтін болады.
Осы міндеттердің барлығын қамту үшін сайтты алты түрлі блокқа бөлдік. Әр блоктағы ақпаратты қалыптастыратын тұрғындардың өздері. Мұнда ресми ақпараттан бөлек, ел тұрғындары арасында сауалнама мен өзге де әлеуметтік зерттеулер нәтижесі берілген. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласын алатын болсақ, сіздің аймағыңыздың мәселесі блогінде қаланың жалпы бюджеті, қай салаға қанша жұмсалатыны көрсетілген. Осындай сауалнама нәтижесінде түзілген өзекті мәселелер де дауыс санына қарай рейтингке ие болды. Сайтқа кіріп сіз де бұл мәселенің қаншалықты өзекті, не өзекті емес екенін лайк, дизлайк басу арқылы білдіре аласыз. Нәтижесінде қай салаға көбірек назар аударып, қаржы бағыттау қажет екені айқын болады, - дейді Әнуар Керембаев.
Брифинг барысынан мәлім болғандай, сайттың алты түрлі сервистік қызметі төмендегі мәселелерді қамтиды.
«Сіздің аймағыңыздың мәселелері». Өңірдің ең өзекті мәселелерін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір жергілікті тұрғын осы немесе басқа мәселенің өзектілігі үшін дауыс бере алады немесе сайтта әлі айтылмаған нәрсе туралы жаза алады. Алдағы уақытта барлық өтініштер партияның өңірлік өкіліне тікелей жіберілетін болады.
«Жұмыс іздеу». Сауалнаманы толтырғаннан кейін пайдаланушыға оның ерекшелігі бойынша жұмыс ұсынылады. Егер қолайлы жұмыс табылмаса, партияның аймақтық өкілі бұл адамның деректерін жұмыспен қамту органдарына тапсырады. Сондай-ақ, партия жұмыссыз ретінде тіркелу және жәрдемақы алу тұрғысынан көмек көрсете алады.
«Сіздің аймағыңызға арналған бизнес-идеялар». Партия сарапшылары өңірлердің қажеттіліктерін талдап, ҚР әр өңірінің бизнесі үшін бизнес жобалар тізімін жинады. Өз бизнесін ашқысы келетін пайдаланушылар негізгі бизнес-жоспарды дереу тегін жүктей алады, оны партияның аймақтық өкілдерінің көмегімен аяқтауға болады.
«Әлеуметтік лифтілер». Бұл қызмет аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жасалған. Мұнда пайдаланушылар партия өкілдерінен балаларына арналған оқу орнын таңдауды сұрауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мұнда қажетті көмек сұрауға болады: жатақханадағы орын, тегін оқу мүмкіндігі және т.б. аймақтық өкіл бұл мәселе туралы бірден біліп, оны шешуге көмектеседі.
«Adal-bagdar». Бұл қызмет ата-аналарға балаға болашақ профессияны таңдауға көмектеседі. Бұдан басқа, сервисте 694 мамандық бойынша ақпарат, кәсіптің егжей-тегжейлі сипаттамасы, жұмыс ерекшеліктері және т.б. бар 500 профессиограмма ұсынылған.
«ADAL ақпараттық-талдау жүйесі». Бұл сервис Қазақстанның интерактивті картасы болып табылады және өз еліне жаңаша көзқараспен қарауды ұсынады. ADAL ААЖ еліміздің әрбір тұрғынына өзінің елді мекені туралы, оның проблемалары, даму перспективалары, жұмыссыздық ауқымы, халықтың негізгі табыс көздері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бизнес үшін сервис кәсіпорындардың негізгі қажеттіліктері, жергілікті кәсіпорындардың жүктелу деңгейі және өңір қажет ететін өзекті тауарлар туралы ақпаратты ұсынады.