ADAL KÓMEK еріктілер жобасы іске қосылды

19 Ақпан 2020, 16:06
2697
Бөлісу:
ADAL KÓMEK еріктілер жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. 

Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер. Бұл – күнделікті еңбек, бұл – адамның болмысы, бұл – терең білім, жоғары мінез-құлық мәдениеті, - деп президент Birgemiz атты республикалық Волонтерлар фронт-офисінің ашылу рәсімінде атап өтті. 

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты Агенттікте "Еріктілер жылы" аясында Adal kómek жобасы іске қосылды, мақсаты азаматтарға құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары шығып, олар тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

ANTIKOR ORTALYǴY Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін республиканың барлық аймақтарында кеңестер өтеді.

Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында сервистік орталықтар ашылғанға дейін кеңестер "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінде өткізіледі (ANTIKOR ORTALYǴY қызмет көрсету орталықтарының және "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің мекенжайы Агенттіктің веб-сайтында орналасқан).

ANTIKOR ORTALYǴY қызмет көрсету орталықтарының және "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің мекенжайлары келесідей:

Алматы қаласы:

Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 18, тел: 8 (7272) 78 73 00

Шымкент қаласы:

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 3, тел: 8 (7252) 98 14 00

Нұр-Сұлтан қаласы:

Нұр-Сұлтан, Тоқпанов көшесі, 54, тел: 8 (7172) 72 66 32

Алматы облысы 

Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев көшесі 38, Алматы облыстық әкімдік ғимараты, 119 кабинет, тел: 8 (7282) 24 71 19

Ақмола облысы 

Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғ. 71 тел: 8 (7162) 29 65 15

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі 12, тел: 8 (7212) 91 36 80

Жамбыл облысы 

Тараз қаласы, Айтиев көшесі 40, тел: 8 (7262) 93 60 66

Түркістан облысы 

Түркістан қаласы Тәуке хан көшесі 78, тел: 8 (7253) 32-66-66

Қостанай облысы 

Қостанай қаласы Гашек көшесі 4, тел: 8 (7142) 914-222

Батыс Қазақстан облысы 

Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1, тел.: 98 47 20.

Ақтөбе облысы 

Ақтобе қаласы, Маресьев көшесі 93 "А", тел: 8 (7132) 72 82 92

Атырау облысы 

Атырау қаласы, Темірханова 2А көшесі , тел: 8 (7122) 71-75-23

Манғыстау облысы 

Ақтау қаласы, 14 ш/а, облыстық әкімдік ғимараты, тел: 8 (7292) 31 91 10

Қызылорда облысы 

Кызылорда қаласы, Желтоксан көшесі 156а, тел: 23-06-90

Солтүстік Қазақстан облысы 

Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі 60, тел: 8 (7152) 464052

Шығыс Қазақстан облысы 

Өскемен қаласы, Лихарева 2Б көшесі, тел: 29 88 88

Павлодар облысы 

Павлодар қаласы, Камзина көшесі 37, тел: 8 (7182) 37 85 86

Өзгелердің жаңалығы