"Көкшетау-Атбасар" автожолында "Acrosoil" технологиясы сынақтан өтті

4 Қыркүйек 2020, 20:08
2108
Бөлісу:
"Көкшетау-Атбасар" автожолында "Acrosoil" технологиясы сынақтан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің автомобиль жолдарында инновацияларды енгізу шаралары жалғасуда. "Көкшетау-Атбасар" жолында "Acrosoil" тұрақтандырғыш қоспасы сыналды.

Жаңа технологияны енгізу шараларын "QazAvtoJol" ҰК" АҚ мен "UneedUs" ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. "UneedUs" ЖШС мәліметтеріне сәйкес "Acrosoil" тұрақтандырғышы, тіпті жолдың саз балшықты жер төсемі мен негізгі қабаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Жер жамылғысындағы немесе жол табанындағы топырақ қопарылып, 1-3% цемент және топырақтың түріне байланысты белгілі бір мөлшерде "Acrosoil" қоспасы қосылады да, рейсаклер арқылы араластырылады. Дайын қоспа жұдырықшалы катокпен төселіп, автогрейдердің көмегімен кескінделеді. Осыдан кейін жол жабыны тегіс білікті немесе пневмодоңғалақты катокпен тегістеледі. Дәстүрлі әдіс бойынша топырақты нығайту үшін 6-7% цемент қажет болса, "Acrosoil" тұрақтандырғышы арқылы ол тек 1-3% мөлшерде ғана жұмсалады. Осылайша аталмыш технологияжұмсалатын материалдың көлемін азайтып, жол жамылғысы құрылымының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді - дейді мамандар.

 

Тәжірибелік учаскеде мониторинг жүргізіліп, техникалық бақылаудың нәтижелері дайын болған соң "Acrosoil" технологиясын өндіріске енгізу жөніндегі шешім қабылданбақ.

Өзгелердің жаңалығы