ӘЧ: Ұлттық құрама 21 медаль жеңіп алды

22 Маусым 2022, 11:44
1390
Бөлісу:
ӘЧ: Ұлттық құрама 21 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуы бойынша жарысқа қатысушылардың виза алуында қиындықтар туғанын айтты. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет Әлем чемпионатына қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді, - деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Спортшылардың нәтижелері:

Ерасыл Саулебеков (67 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын"

Едіге Емберді (73 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын"

Денис Полубояринов (81 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын"

Никита Абдрахманов (102 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын"

Надежда Ли (64 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "күміс"

Александра Беленко (40 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "күміс"

Ерасыл Омаров (55 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша  "қола"

Дарья Балабаюк (49 келіге дейін) жұлқи көтеруде "қола"

Алина Колиушко (59 келіге дейін) жетінші орынды иеленді

Өзгелердің жаңалығы