Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ӘЧ: Нұрбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай жарысты аяқтады

10 Қыркүйек 2025, 20:27
708
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын медальсіз аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалға дейін жетті. Нұрбек Оралбай 1/4 финалда Жавохир Уматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатын аяқтады.

Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді.

Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) жеңді.

Өзгелердің жаңалығы