Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста 12 медаль алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет сайты хабарлады.
12 медальдың 8-і алтын. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының үлесінде 2 күміс және 2 қола медаль бар.
Алтын медальді:
Санжар Тәшкенбай (48 кг-ға дейін),
Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг-ға дейін),
Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг-ға дейін),
Ерасыл Ермек (60 кг-ға дейін),
Ернұр Сүйінбай (63,5 кг-ға дейін),
Абзал Серік (67 кг-ға дейін),
Бақберген Әлиасқаров (75 кг-ға дейін),
Темірдан Мұқатаев (86 кг-ға дейін) алды.
Күміс медальға:
Мәди Әміров (96 кг-ға дейін) мен Даниял Сапарбай (92 кг-ға дейін) лайықты деп танылды.
Қола медальды:
Арман Алматұлы (71 кг-ға дейін) мен Дәурен Мамыр (82 кг-ға дейін) қол жеткізді.