ӘЧ-2022: Футболдан Англия құрамасы Иранды ойсырата ұтты

21 Қараша 2022, 23:23
2458
Бөлісу:
ӘЧ-2022: Футболдан Англия құрамасы Иранды ойсырата ұтты

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Англия құрамасы Иранды ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ирандықтар үшін ойын басынан-ақ сәтті болған жоқ. Шамамен ойынның алғашқы үштен бір бөлігінде ирандық қақпашы Алиреза Бейранванд жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.

Ал ағылшындық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің өзінде олар Иран құрамасының қақпасына үш гол соғып үлгерді.

Ирандықтар матчтың бағытын өзгертуге тырысып, ағылшын командасының қорғаушылары мен қақпашысына белсенді түрде қысым көрсете бастады, бірақ қарсылас команда мұндай жағдайға дайын болды.

Осылайша Англия құрамасы қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы