Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті кейіпкері адвокат Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бағдарлама аясында адвокат мемлекеттегі саяси маңызы бар оқиғалар, қабылданған өзгерістер туралы өз ойың айтты.
Мемлекеттегі соңғы өзгерістерді толық қолдаймын. Себебі, 30 жылғы Конституциялық заңдарға енгізіліп келген өзгерістердің динамикасына назар аударсақ, тек бір бағытта орын алған. Биыл сол теріс өзгерістерге түзету жүргізіліп отыр. Оның ішінде, жерді сатпау, шетелдіктерге жалға бермеу, президенттің өкілеттігін шектеу сынды мәселелер бар. Олар күні бүгін емес, отыз жыл бойы көтеріліп келе жатқан мәселелер, – деді ол.
Сондай-ақ еліміздегі партия құру жұмыстары туралы айтты.
Партияға ең әуелі қызмет ететін аппарат қызметкерлері қажет. Ауызбен емес, іспен жұмыс атқаратын адамдар керек. Біздегі партиялардың осал тұсы осы, – дейді адвокат.
Оның пікірінше, елімізде билік басында отқан азаматтардың қос азаматтығы болғандығыны таңқалатын дүние емес.
Бұл ресми түрде тыйым салынғанымен, бейресми түрде үлкен қызметте жүрген азаматтардың қос азаматтығының болғандығы жасырын емес. Себебі,кезінде өзімізге де осындай ұсыныс түскен, – дейді ол.