11-13 қазан күндері Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam бәсекесі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлемдік жарысқа қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Ерлерден 9, қыздардан 3 спортшы мықтылар арасында бақ сынайды.
Қазақстан құрамы төмендегідей:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов;
66 келі: Әділбек Берікұлы;
73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді;
81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев;
100 келі: Әділет Сапарғалиев;
+100 келі: Мәди Еділбаев.
Әйелдер:
63 келі: Есмигүл Куюлова;
+78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.