Абсолютті чемпион болғым келеді – Жәнібек Әлімханұлы

7 Сәуір 2025, 22:58
659
Бөлісу:
Абсолютті чемпион болғым келеді – Жәнібек Әлімханұлы
Фото: іnstagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) болашақта салмақ категориясын ауыстыру мүмкіндігі туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мен кәсіби боксқа алғаш келгенде, командама кез келген салмақта жекпе-жек өткізуге дайын екенімді айтқанмын, сондықтан егер «Канело»-мен суперорта салмақта немесе Дэвид Бенавидеспен – аралық немесе жартылай ауыр салмақта жекпе-жек өткізу мүмкіндігі пайда болса, мен болашақта осы қадамдарды жасауға дайынмын. Менің мақсатым – орта салмақты толық біріктіру. Мен барлық титулды алғанша осы салмақта қаламын. Әрине, мен дұрыс ұсыныс алсам, алға қарай жылжитын боламын, бірақ мен абсолютті чемпион болғым келеді және басқаларға мені айналып өтуге себеп бергім келмейді, - деді қазақстандық BoxingScene-ге білдірген пікірінде.

Еске сала кетейік, 5 сәуірде Астана қаласында өткен бокс кешінде боксшы екі титулын сәтті қорғап, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Өзгелердің жаңалығы