Әблязовтың сыбайластары ешқандай қаржылай пайда таппай, тек тапсырмаларын орындаған

20 Қыркүйек 2019, 13:33
2046
Бөлісу:
Әблязовтың сыбайластары ешқандай қаржылай пайда таппай, тек тапсырмаларын орындаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі БТА банкінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың өз еркімен елге қайтып оралған сыбайластарына шығарылған үкімге қатысты түсініктеме берді.

Айта кетейік, 23 тамызда Алматының Медеу аудандық № 2 сотында Мұхтар Әблязовтың іздеуде болып, өз еркімен елге оралған 7 сыбайласына қатысты үкім шығарылған болатын. Олардың үшеуі Ресей азаматтары – Артур Трофимов, Максим Хаблов, Анар Абдихаимова, бір Украина азаматы – Ержан Кадесов және 3 қазақстандық – Анатолий Погорелов, Валерий Налобин и Зауре Джунусова.

Оларға 1500 бастап 3000 АЕК айыппұл төлеу туралы үкім шығарылды.

"Тергеу кезінде аталмыш азаматтар тергеу жұмыстарына атсалысып, Әблязовтың ақша жымқыру және қылмыстық әрекетінің ізін жасыру схемаларын ашуға көмектесті. Үкімді шығарған кезде аталмыш тұлғалардың өз еркімен елге оралғаны, өзінің кінәсін толық мойындауы және жасаған әрекеттеріне өкінетінінен бөлек сот олардың жасаған қылмысынан қаржылай пайда таппағанын және қылмыстық қоғамдастықтың басшысы Әблязовтың тапсырмаларын орындағанын ескерді", - деді ҚР жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов.

Қазіргі кезде үкім заңды күшіне енді.

Оның айтуынша, Әблязовтың қол астында жұмыс істеп, оның жасаған қылмыстарына қатысы бар бұрынғы қызметкерлерінің көбісі өз отбасылары мен туыстарынан ажырап, араласа алмай, қорқынышпен өмір сүріп, жасырынып жүруге мәжбүр.

Өзгелердің жаңалығы