Шахтерлар күні - көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіби мерекесі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конституция күні қарсаңындағы тағы бір мейрам - Кеншілер мерекесі. Кеншілердің еңбегі өте ерекше. Қанша жылдар бойы өндірілген миллиардтаған тонна көмірдің артында рухы мықты шахтерлар тұр, - деп жазды Әбілқайыр Сқақов Іnstagram әлеуметтік парақшасында.
Аймақ басшысы шахтерлардың қажырлы еңбегінің арқасында әрбір үй жылумен қамтылатынын атап өтті. Елімізде өндірілген әрбір үшінші тонна көмір Екібастұз қаласына келеді.
Әрбір адам шахтерлардың өлшеусіз еңбегін бағалайды және жерлестеріне мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік тілейді деген ойдамын, - деп атап өтті облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін аймақ басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды. 1-МАЭС өнеркәсіптік аймағында салынып жатқан «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС құрылысымен танысып, қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін «Өмір» орталығында болды.
Сондай-ақ «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен көпсалалы бағыттағы №24 мектеп-гимназиясының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.