Әбілқайыр Сқақов Болгарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

25 Мамыр 2021, 05:35
2441
Бөлісу:
Әбілқайыр Сқақов Болгарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбілқайыр Сқақов пен Боян Хаджиев ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы жұмыс сапары аясында Павлодар облысына келген дипломатиялық миссия өкілін қабылдады. Әбілқайыр Сқақов облыста барлық этномәдени орталықтармен жұмыс жасауға көп көңіл бөлінетіндігін айта отырып, болгарлық «Здравец» орталығының жұмысын атап өтті.

Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз – барлық этностар өкілдерінің қатысуымен конструктивті диалог құру. Сіздің сапарыңыз барысында біздің аймақты таңдағаныңызға алғыс айта отырып, біздің тұрақты достық байланыс орната алатынымызға үміт артамын. Біз болгарлық серіктестермен барлық салада ынтымақтастық орнатуға дайын екендігімізді жеткіземін, – деді әкім елшіге.
Өз кезегінде Боян Хаджиев те Әбілқайыр Сқақовқа қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

Көпмәдениеттілік – Қазақстанның байлығы. 100-ден астам этностың бейбіт өмір сүріп, елді достық қарым-қатынаста дамытқаны керемет. Біз де ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз, – деді Болгарияның Төтенше және Өкілетті елшісі.
Тараптар экономикалық және мәдени байланыстарды құру мүмкіндіктерін талқылады. Бүгінгі күні Павлодар облысы мен Болгария Республикасы арасында белгілі бір сауда қатынастары бар. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Болгариядан аймаққа жалпы құны 203 мың АҚШ долларын құрайтын тауарлар жеткізілген.
Өзгелердің жаңалығы