Әбиба Абужақынова: Жүлдемді қайтыс болған құрбыма арнаймын

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған Әбиба Абужақынова жүлдесін жол апатынан қайтыс болған құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Қыркүйек 2023 2023, 03:21
АВТОР
 Olympic.kz/Sali Sabirov 25 Қыркүйек 2023 2023, 03:21
25 Қыркүйек 2023 2023, 03:21
2271
Фото: Olympic.kz/Sali Sabirov

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған Әбиба Абужақынова жүлдесін жол апатынан қайтыс болған құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өткен, соған қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз,- деді Абиба Абужақынова.

Еске салсақ, Азиаданың алғашқы күнінде дзюдошыларымыз құрама қоржынына екі медаль салды. Әбиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысып жатқан дзюдодан ұлттық құрама спортшыларымен кездесті. Министр Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтап, Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуді тіледі.

Наверх