Абиба Абужақынова жарыстан шеттетілді ме?

16 Маусым 2023, 12:30
776
Бөлісу:
Абиба Абужақынова жарыстан шеттетілді ме?
Фото: prosports.kz

Елордада “Grand Slam” турнирі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін татами төріне -48, -52 келі салмақ дәрежесінде қыздар шығады. Ал ел намысын -48 келіде қорғайтын Абиба Абужақынова жарыс жолына шықпады. Себебін дзюдо федерация өкілдері түсіндірді.

Команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша Абиба Абужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатыспайды. Әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айықпады және жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қаупі болғандықтан, әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, гранд-слэм жарысы елізімде алғаш рет өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы